Конференция логотипі
KZ RU EN
Қош келдіңіздер Бағдарлама 75-жылдық мерейтой Спикерлер Серіктестер Тіркелу Байланыс
Астана қ., 2026 жылғы 11–12 қыркүйек

«Сот төрелігі жүйесіндегі сот сараптамасы: сын-қатерлер мен болашағы»
Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

00 Күн
00 Сағат
00 Минут
Сот сараптамасы

Құрметті сөз

Құрметті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары, қонақтары мен серіктестері!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының атынан Сіздерді «Сот төрелігі жүйесіндегі сот сараптамасы: сын-қатерлер мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда қарсы алуға қуаныштымын.

Аталған іс-шараны өткізу ғылымның, технологиялардың және сот-сараптамалық қызметтің қарқынды дамуы жағдайында ерекше маңызға ие. Қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесі жоғары білікті сараптамалық қолдауды, зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды нығайтуды талап етеді.

Конференция сарапшылар қауымдастығы, құқық қорғау органдары, ғылыми мекемелер және халықаралық серіктестер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға, бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және кәсіби диалогты дамытуға арналған бірегей алаң ұсынады.

Өткізілетін мазмұнды пікірталастар, ұсынылатын баяндамалар мен бірлескен бастамалар сот сараптамасының сапасын арттыруға, сараптамалық зерттеулердің нәтижелеріне деген сенімді нығайтуға және жалпы сот төрелігі жүйесін жетілдіруге ықпал етеді деп сенемін.

Конференцияның барлық қатысушыларына, баяндамашылары мен ұйымдастырушыларына сот-сараптамалық қызметті дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіре отырып, жемісті жұмыс, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Б. Байтілесов

Байтілесов Б.Т.

Конференцияның мақсаты

Сот сараптамасы саласындағы негізгі сын-қатерлерді талқылау, сарапшылар мен әділет жүйесі өкілдері арасында кәсіби тәжірибе алмасу, сондай-ақ сот-сараптамалық қызметтің заңнамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.

Бағдарлама

Бағдарлама құжаты төменде ашық тұр. Оны осы бетте оқи аласыз немесе жүктеп ала аласыз.

PDF жүктеу
Оқиғалар күнтізбесі

Маңызды күндер

26.01.2026

Тіркелу басталуы

Тезис және мақалаларды қабылдау басталуы.

15.06.2026

Қабылдаудың аяқталуы

  • Конференцияға тіркелудің аяқталуы
  • Тезис және мақалаларды қабылдаудың аяқталуы
20.07.2026

Конференция бағдарламасы

Бағдарламаның соңғы нұсқасын орналастыру.

10.08.2026

Материалдарды жариялау

Конференция материалдары жинағының шығарылуы.

Негізгі бағыттар

Сот сараптамасындағы цифрлық активтер мен криптовалюталар: практикалық мәселелер

Талқылау тақырыптары:

Экономиканы цифрландыру жағдайында құқықтық тәртіп пен мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін нығайту; цифрлық активтердің құқықтық және техникалық аспектілері; цифрлық активтер саласындағы сот сараптамасын дамытудың проблемалары, шешімдері мен перспективалары; криптовалюталар саласында азаматтар мен бизнестің құқықтарын қамтамасыз етудегі сот сараптамасының рөлі және т.б.

Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларына сот сараптамасы

Талқылау тақырыптары:

«Дизайнерлік» есірткілер және оларды есірткі құралдарының аналогтарына жатқызу мәселелері; есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорларын зерттеу барысында жіберілетін қателіктер; химиялық-токсикологиялық зерттеу және т.б.

Сот-медициналық сараптама: инновациялар және қолдану практикасы

Талқылау тақырыптары:

Сот-медициналық диагностиканың заманауи әдістері; сот медицинасы саласындағы технологиялардың соңғы жетістіктері; жалпы сараптамалық, медициналық-криминалистикалық, биологиялық және гистологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері; постмортемдік визуализация және виртопсия; денсаулыққа келтірілген зиянды бағалаудағы сараптамалық және құқық қолдану практикасы.

Шақырылған қонақтар

AFSN

Азиялық сот сараптамасы желісі

ШОС

ШОС

СНГ

СНГ

USA

Embassy USA

NU

Nazarbayev
University

GL

Global Ledger

GL

Crypto Forensic Lab

Формат

Гибридті қатысу

Астана + Online

Қатысу

Тегін

Тіркелу

Қатысу үшін тіркелу және өтініш беру қажет

Форманы толтыру

Жүктеп алу материалдары

Жұмыстарды жіберу

Тезис, мақала және баяндамаларыңызды біздің поштаға жіберіңіз. Төмендегі батырмалардың бірін таңдаңыз.

forensicconf2026@gmail.com

Біз сіздің жұмыстарыңызды күтеміз!

Материалдар

Конференция резолюциясы

Конференция аяқталғаннан кейін

Материалдар жинағы

Конференция аяқталғаннан кейін